2025 жылдың 10–12 маусым аралығында 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Дш-21 тобының төртінші курс студенттері демонстрациялық емтиханның А, В, С модульдері бойынша тапсырмаларды сәтті орындады. Сарапшылардың бағалау нәтижесіне сүйене отырып, студенттердің төмендегідей кәсіби құзыреттіліктерді меңгергені және олардың маңыздылығы анықталды:
1 тапсырма: Педагогикалық жобалау және жоспарлау құзыреттілігі (А-модулі):
Студенттер мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларына кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау мен өткізуге байланысты тапсырманы орындау барысында:
Маңыздылығы: Бұл құзыреттілік мектепке дейінгі білім беру мазмұнын сапалы жоспарлауға, балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге негіз болады.
2 тапсырма. Ата-аналармен өзара іс-қимыл және серіктестік орнату құзыреттілігі (В-модулі):
11 маусымда өткен модульде студенттер ата-аналармен жұмыстың түрлерін жоспарлап, нақты іс-шараларды ұйымдастыруда:
Маңыздылығы: Ата-аналармен тиімді жұмыс баланың әлеуметтенуіне және тәрбиеленуіне зор ықпал етеді. Бұл құзыреттілік – заманауи педагогтың басты кәсіби сапаларының бірі.
3 тапсырма. Балаларды ұйымдастыра алу және дене тәрбиесімен жұмыс істеу құзыреттілігі (С-модулі):
12 маусымда таңертеңгілік жаттығулар кешенін жоспарлау мен өткізу тапсырмасында студенттер:
Маңыздылығы: Бұл құзыреттілік мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайту, қозғалыс белсенділігін дамыту және тәртіпке үйрету бағытындағы жұмыстарда аса маңызды рөл атқарады.
Қорытынды:
Үш күндік демонстрациялық емтихан нәтижесінде студенттер кәсіби-практикалық дағдыларын көрсетіп, болашақ маман ретіндегі кәсіби құзыреттіліктерін нақты тапсырмалар арқылы дәлелдеді. Бұл құзыреттіліктер мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы білім беру процесін ұйымдастыруға, балалармен, ата-аналармен және әріптестермен кәсіби қарым-қатынас орнатуға толық мүмкіндік береді.