20.02.2026 жылы колледжде оқытушыларға арналған “Анти-стресс иога” сауықтыру секциясы ұйымдастырылды. Қазіргі қарбалас заманда ұстаздың кәсіби шеберлігімен қатар, ішкі тепе-теңдігі мен эмоционалдық саулығы да аса маңызды.
Осы мақсатта өткізілген секция барысында қатысушылар хатха-йога элементтері арқылы тыныс алу техникасын меңгеріп, денені босаңсыту, ойды жинақтау және күйзелісті басқару тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындады.
Сабақты арнайы хатха-йога тренері М.Ж. Карибжанова жүргізіп, қатысушыларға дұрыс тыныс алу, бұлшық еттерді босату, ішкі үйлесімділікке жету жолдарын кәсіби деңгейде түсіндірді. Жаттығулар ұстаздардың күнделікті жұмыс барысындағы жүктемесін азайтып, сергектік пен жағымды көңіл күй сыйлады.
«Денсаулық – зор байлық» десек, ұстаз денсаулығы – сапалы білімнің кепілі.
Осындай сауықтыру шаралары педагогтердің кәсіби қызметіне тың серпін беріп, ұжымдағы жағымды ахуалды нығайтуға ықпал етеді. Барша қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!