Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде "Хореографиялық өнер" мамандығының студенттері үшін би жаттығуларын орындау техникасы мен әдістемесі бойынша екі шеберлік сыныбы өтті.
Бірінші шеберлік сыныбын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Өнер және мәдениет" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Х.Е.Караматуллаева "Станок жанындағы халықтық-сахналық биді оқыту әдістемесі" тақырыбында өткізіп, орыс, грузин билерінің кейіпкерлері мен ондағы би жаттығуларының толық спектрімен таныстырды.
Келесі шеберлік сыныбын "Бозторғай" облыстық ән-би ансамблінің жетекшісі, республикалық хореографтар қоғамының мүшесі А.Ж.Ходжанов "Өзбек биінің әдістемесі және оның ерекшеліктері" тақырыбында жалғастырды. Өзбек халқының бес би мектебінің қол-аяқ қимылдарының позициялары мен негізгі жаттығулары көрсетілді.
Билеу мәнеріне ғана емес, мамандықтың қиын да күрделі қыр-сырын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сыныптың соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісті. Қонақтарға алғыс хат табысталды.