28.01.2025 жылы "Аспаптық орындау" ПЦК-сында "Шырқа, менің сырнайым" атты апталық концерті өткізілді.
Мақсаттары:
Міндеттері:
Сырнай (баян) аспабының тарихы өте бай және ұзақ уақытқа созылған. Сырнайдың атауы түркі тілдерінде көп кездеседі және бұл аспаптың тарихы негізінен Орта Азия мен Алтай аймақтарымен байланысты. Баян аспабының дамуы XIX ғасырдың екінші жартысында басталған деп айтуға болады.
Әрине, баяның (сырнайдың) нақты Қазақстанға келуі туралы нақты уақытты айту қиын, бірақ оның елімізде кең тарала бастауы 20-шы ғасырдың ортасында, әсіресе, қазақ музыкасының оркестрлік жүйесіне интеграциялануы арқылы болғанын айтуға болады.Баянның дамуы мен орнығуына Ұлы Отан соғысы кезінде, кейіннен 1950-60 жылдары қазақ музыкасында жаңа бағыттардың пайда болуы әсер етті.
Бұл кезеңде баян аспабы халық арасында кеңінен танылды және көптеген кәсіби орындаушылардың қолынан шыққан шығармалармен ұлтымыздың мәдениетінде маңызды орын алды.
Баян аспабының дамуы туралы қосымша айтар болсақ, оның түпкі тарихы, негізінен, түркі халықтарының дәстүрлі аспаптарымен тығыз байланысты. Баянның алғашқы нұсқаларының бірі — «сирнай» немесе «сырнай» деп аталатын аспап. Ол XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында Еуропа мен Азияда кең тарала бастады. Сырнайдың көптеген түрлері болды, олардың ішінде, әсіресе, орыс «аккордеоны» мен «баян» арасындағы байланысты атап өту маңызды.
Сондай - ақ концертте 1курс білімгері Нұржанұлы Нұрасыл«Коробейники», Украйн халық әні «Ехал казак за Дунай» Болат Нұрислам, Сүгір «Бозінген» Уалихан Марғұлан, И.С.Бах «Прелюдия» f-moll ХТК 2 бөлім. Берден Нұртуған, Құрманғазы «Адай» өңд. А.Гайсин Асылбек Бексұлтан, Тәттімбет «Сарыжайлау» Тұрысбек Қайнар, Қ.Ахмедияров «Ұстазға» Сатыпалды Мақсат, О. Дүйсен «Отпан» Жаңбырбай Ержан, А.Прибылов «Сонатина» №1 Ахметов Мейіржан, С.Л.Гардейчик «Вечерний хоровод» 2курс білімгерлері, Д.Шостакович «Вальс №2» 3курс білімгерлері, С.Л.Гардейчик «Осенний листопад» 4курс білімгерлері, Р.Гальяно "Танго для Клода" 3курс білімгерлерінен құралған ансамбльдерді орындады.