«Шетел тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі нәтижеге бағытталган білім беру негізі»
(Қалалық семинар-практикум)
Нуралиева М. Б, Женсикбаева Ш. 3, Сураншиева А.С, Тохабаева А. А, Әбілдаева А.С, Жаркынбек Л, Есенбаева А М.
22.11.2023ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлык жоғары колледжінде ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттелігін арттыру мақсатында тәжірибе алмасу үшін қалалық семинар- практикум өтті.
Қалалық семинар-практикум барысында алғы сөз Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, «Негізгі орта білім беру» бөлімінің меңгерушісі, «Шетел тілі» ПЦК оқытушысы Муратов Нугзар Ибрагимовичке берілді.
“Fulbright International Scholarship Program” тақырыбымен М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері, ағылшын тілі мұғалімі Hira Shahbaz (АҚШ) сөз сөйлеген болатын.
М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің «Шетел тілі филологиясы және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, шетел тілі филологиясының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Джолшыбекова Куляндам Жумагуловна “IELTS as the world’s most popular English test for higher education and global migration” тақырыбымен ортаға шықты.
“Ағылшын тілінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу” тақырыбымен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы КММ «Шайқорық орта мектебі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Болысбекова Дамира Шаяхметқызы.
“Мұғалімнің кәсіби дамуы: заманауи әдістер мен тәсілдер” тақырыбымен М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Нурманалиева Ляйля Шаймерденовна.
“Proactive teacher in education” тақырыбымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға педагог- кітапханашысы Журумбаева Асель Куатбековна сөз сөйледі. Семинар-практикумды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі директорының оқу-өндірісі жөніндегі орынбасары
Жақсымбетова Надира Альжановна “Болашақ мұғалімдердің кәсіби қалыптасуындағы педагогикалық практиканың рөлі” тақырыбында жалғастырды.
Сөз кезегі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, «Шетел тілі» ПЦК оқытушысы
Нуралиева Марал Бексейтовнаға беріліп, “Жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, икемді кәсіби дағдыларды (soft skills, hard skills) қалыптастыру” тақырыбында сөз қозғалды.
Семинар-практикумды “Essential soft skills for teachers” тақырыбымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, «Шетел тілі» ПЦК оқытушысы Женсикбаева Шаризат Зиятбековна аяқтады.