03.12.2025 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде ағылшын тілі апталығы аясында «Open Space: Interactive Dialogue with a Native Speaker» форматында кездесу өтті. Шақырылған қонақ – Ямайкадан келген тіл мектебінің оқытушысы *Mr. Alex Xavier еді.
Іс-шараның мақсаты – open-space форматындағы еркін қарым-қатынас пен пікір алмасу арқылы студенттердің сөйлеу және тыңдау дағдыларын жетілдіру болды.
Кездесу еркін диалог форматында өтіп, студенттер Алекс мырзамен еркін сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білім алу, мәдениет және жеке даму тақырыптарын талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға, сөздік қорды кеңейтуге ықпал етіп, студенттерді шетел тілін белсенді меңгеруге және мәдениетаралық байланысқа ынталандырады.