24 желтоқсан күні Абай Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Сәндік қолданбалы өнер» ПЦКның «Қолөнер – бабалар аманаты, ұрпақ қазынасы» атты апталығының ашылуы болып өтті.
Апталығымыздың ашылуында – ата-бабамыздан қалған асыл мұраны ұлықтауға арналған тағылымды сәт болды.
Іс-шараға колледж үстаздары мен студенттері қатысты. Онда түрлі шығармашылық сайыстар мен танымдық іс шаралар қамтылды.
Қолөнерге байланысты мақал мәтелдің жалғасын тап деген ойын ұйымдастырылып, мақалдың мағынасы талқыланды.
Сонымен қатар ұстаздар мен білімгерлер арасында«Көңілді күй палитрасы» аттықысқа мерзімде сурет салып орындаусайысы болды.
Нәтижесінде қызықты жұмыстар орындалып қатысушылар өздері орындаған суреттерінің мағынасын түсіндіріп өтті.
Қолөнер – ұлттың жаны. Оны сақтау – біздің парызымыз, дамыту – біздің міндетіміз.