2023 жыл 13-15 ақпан аралығында «Сәндік-қолданбалы өнер» ПЦК –сы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Өнер- асыл қазына»атты тақырыпта апталық болып өтті.
13-ақпан күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің 30 жыл толуына орай «Тұғыры биік Қазақстан» тақырыбында оқытушылар мен студенттердің көрмесі болып өтті. Оған студенттер мен оқытушылардың 93 шығармашылық жұмысы қойылды.
14-ақпан күні Р.Бағланованың 100 жылдығы және М.Әуезовтың 125 жылдығы, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ұлы даланың – ұлы тұлғалары» атты колледж студенттері арасында шығармашылық байқау болды. Байқауға 26 студент қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттар иеленді.
15-ақпан күні Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай «Д.А.Қонаевтың игі істері мен жетістіктері» атты тақырыпта қалалық семинар болып өтті. Cеминар, Халықаралық Д.А.Қонаев қоры Жамбыл облыстық бөлімшесінде болып, Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етуден басталды. Семинарда Д.А.Қонаев орталығының меңгерушісі Бекзат Нұрланқызы, Д.А.Қонаев қоры Жамбыл облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары, «Ғұмыр дария» газетінің редакторы Жаңабай Миллионов қатысып, өз ойларымен бөлісті.