Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 20 қараша күні қазақтың көрнекті ақыны, заңғар жазушысы, ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Міржақып: ұлтқа қызмет ету жолы» атты облыстық рухани-танымдық сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
«Оян, қазақ» әдеби-композициялық қойылым мен «Алаш ұраны» әнімен шымылдығы ашылған рухани-танымдық сағатында Б.Р.Дүйсенбаев -“Дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Дарын” лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, республикалық "Үздік педагог-2012" атағының иегері, А.А. Тәтібекова - Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, "Үздік педагог-2023" атағының иегері, Т.Қ. Лаубай - Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, "Үздік педагог-2025" атағының иегері қатысты.
Қонақтар Міржақыптың өмір жолы мен шығармашылыған біршама ақпараттар айтып, студенттердің қойған сауалдарына жауап берді.