Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 4 курс студенттері Тараз қаласының № 35 «Ер-төстік» бөбекжай-бақшасында дуальды оқыту жүйесі негізінде «Байқау және бақылау»тәжірибесінен өтуде. Бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Тубаева Гульнар Салиевна жұмыс беруші ретінде студенттердің өткізген іс-шараларын бағалап, балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тиімді жоспарлауға кеңес беріп, болашақ мамандарды сапалы даярлауда колледж оқытушыларымен бірлесіп, дидактикалық ынтымақтастықпен білім мен тәрбие үдерісінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда.
Педагогикалық әрекет барысында мектеп жасына дейіінгі балаларды дамытудың жаңа формаларын, оқыту нәтижелерін студенттерімізге түсіндіріп, әлеуметтік серіктестестіктің «Жаңа формация тәрбиешілерін» даярлаудағы сипатының дәлелі екенін айқындап отыр.