«Филология» ПЦК-ның апталығы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 07.11-11.11.2022 ж. «Ұлттық құндылықтар арқылы оқыту – білім мен тәрбие негізі» тақырыбында «Филология» ПЦК-ның апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты - тіл мен әдебиетті оқытудағы өзекті мәселелерді айқындау және білім берудің тиімді ортасын құру.
Апталық 2022 жылдың 08 қараша күні қазақтың көрнекті ақыны, әдебиет және тіл зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет – ұлт руханиятының шамшырағы» атты облыстық тағылым сағатымен ашылды.
Іс-шараның мақсаты - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
„Актерлік өнер“ мамандығының студенттері қойған композициялық қойылыммен ашылған іс -шараға облыстық, қалалық мекемелерден қонақтар қатысты:
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы, тарихшы А. Дулати, Жамбыл облыстық "Aq jol" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Х.Е.Есаманов, филология РhD докторы А.Б. Бекназаров, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері А.Ж. Омарова, А.М.Дуйсенбаева қатысты. А.Байтұрсынұлының өмір жолынан, қазақ халқы үшін жасаған еңбектерінен ғибратты әңгімелер айтылып, зерттелген тың деректерімен бөлісті, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Қатысушылар алғысхаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.