"Әлемдік вокалдық мектептердің дәстүрлерін пайдалану және олардың вокалдық орындаушылықты дамытуға әсері" шеберлік сыныбы
2023 жылы 17 ақпанда Тараз қаласы білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің "Ән салу және хор дирижері" пәндік-циклдік комиссиясының меңгерушісі З. А. Худатаеваның "Әлемдік вокалдық мектептердің дәстүрлерін пайдалану және олардың вокалдық орындаушылықты дамытуға әсері" тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Мастер-класс мақсаты:
- мұғалімдерді, музыкалық жетекшілерді балалардың дауысымен жұмыс істеудің негізгі әдістерімен таныстыру;
- тәжірибе алмасу;
- кәсіптік бағдар беру жұмысы.
Мастер-класс қатысушылары диафрагмалық тыныс алуды дамыту, дикцияны дамыту әдістері туралы білім алды. Мұғалімдер алған білімдерін вокалдық-хор дағдыларын қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерінде пайдалана алады Сондай-ақ, мастер-класс қатысушылары вокал сабақтарының теориясымен танысты, дауысты қыздыру үшін бірнеше практикалық жаттығулар жасады, бет әлпетімен жұмыс істеді және әртүрлі дыбыстардың айтылуын жетілдірді, әнші үшін тыныс алудың қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелесті.
Кездесу барлығы үшін қызықты әрі танымды өтті, мастер-класс көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Облыс оқытушылары Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне әдістемелік көмек үшін алғыс білдірді.