10.06.-13.06.2024 жыл аралығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша дуальды оқыту негізіндегі бітіруші топтар үшін қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан форматында ұйымдастырылды. Демонстрациялық емтиханға бітіруші 22 студент қатысты.
2023 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Ж.Алимбаева мен З.Серикованың дайындауымен Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары колледжіндегі республикалық оқу-әдістемелік орталықтың қолдауымен «Демонстрациялық емтихан» бойынша құжаттар бекітілген.
Демонстрациялық емтихан тапсырмаларының орындалуын бағалау үшін сараптама тобы құрылды, олар: Алимбаева Ж.Ж.-сарапшы-ұйымдастырушы, Серикова З.Б.-сарапшы, Сембекова Қ.Ж., Абитаева Б.Ж-техникалық сарапшылар және кәсіпорындарының жұмыс беруші тараптарынан Тараз қаласы №9 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Оспанова Ж.Р, № 15 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Саттибаева А.Л.
Әр түрлі құзыреттіліктердегі бағалау жүйесі 50-ден 100-ге дейін критерийлерді қамтыған. Демонстрациялық емтиханның нәтижелері электрондық CIS-жүйесінде бағаланды.
Демонстрациялық емтихандардың қорытындысы бойынша бітірушілер нақты дағдыларды көрсетті, оларға дипломмен қоса скиллс-паспорты және дуальды оқыту жүйесі бойынша қолдарына еңбек өтілі жазылған үшінші құжат - еңбек кітапшасы берілетін болады.
Скиллс-паспорт деректер базасында жазба түрінде тіркеледі және демонстрациялық емтиханның нәтижелері бойынша сертификат түрінде беріледі.
Бастаманың мақсаты - білім беру жүйесінде дайындықтың нақты бағдарын және құзыреттілікті танудың түсінікті құралын жасау.
Skills паспорты жұмыс берушіге белгілі бір дағдылары бар қажетті маманды таңдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, скиллс паспортын алатын маман өзінің қажеттілігіне сенімді бола алады.