07.11.2024 ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп, А.С.Пушкиннің 225-жылдығына «Что в имени тебе моем?» тақырыбына облыстық пушкин оқуларын өткізді.
Шара облыстағы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын колледждердің 1 және 2 курстарының жүректері өлеңмен соққан дарынды студенттерінің басын қосты. Байқау жастар арасында классикалық әдебиетті насихаттау, студенттердің мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету мақсатында өтті.
Пушкиннің шығармашылығы көп қырлы, сондықтан оның шығармаларына мүмкіндігінше жиі жүгіну керек. А.С. Пушкин қысқа, бірақ жарқын өмір сүріп, артында ғасырлар бойы жадында сақталатын үлкен әдеби мұра қалдырды.