Студенттердің тілдік және мәдени құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ орыс әдебиетінің бай мұрасына қызығушылықты арттыру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде мемлекеттік тілде білім алатын I және II курс студенттері арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен пәндік олимпиада сәтті өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
дарынды және ынталы студенттерді анықтау ғана емес, сонымен қатар орыс тілін мәдениаралық қарым-қатынас тілі ретінде оқуға қызығушылықты арттыру;
орыс тілін практикалық қолдану дағдыларын және орыс әдебиетін түсіну қабілеттерін нығайту;
Қазақстанның көптілді білім беру кеңістігіне интеграцияға ықпал ету.
І және II курс студенттері мемлекеттік тілде білім ала отырып, орыс тілі мен әдебиетінің бай мұрасын танып, білімдерін шыңдады. Олимпиада барысында грамматикадан бастап, лексика, сөйлеу мәдениеті, сондай-ақ классиктердің шығармалары мен өмірбаянын білуге дейінгі тапсырмалар ұсынылды. Олимпиадаға қатысушылар тек білімдерін көрсетіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерімен де көзге түсті. Әсіресе әдеби мәтіндерді талдау және өз пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдылары жоғары бағаланды.
«Олимпиада мемлекеттік тілде білім алатын студенттердің орыс тілін жоғары деңгейде меңгеріп, орыс әдебиетіне деген құрметін көрсетті. Бұл – еліміздегі үштілділікті дамытудағы маңызды қадам», – деді қазылар алқасының мүшесі Теміргалиева А.К.
Барлық тур қорытындысы бойынша ең үздік студенттер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.