Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің
тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысының бағыты: Қоғам, колледж және отбасының қарым-қатынасы арқылы рухани діңгегі мықты, әлемдік кеңестікте еркін самғай алатын, тілін, жерін сүйетін-қазақстандық патриот, жоғары интелектуалды дамыған, толерантты– жаңа тұрпатты маман даярлау.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездікпен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспары төменде көрсетілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-1V Заңы;
- «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-УІ Заңы;
- «Білімді ұлт» cапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
- Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңымен реттеледі;
- «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы.
«Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 24 бұйрығы.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт –Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында ҚР мемлекетттік рәміздер –Туы, Елтаңбасы және Гимні бар деп,34-бабында әркім мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті, деп айқындалған. Осы мақсатта Мемлекеттік Ту,Мемлекеттік Елтаңба және Гимннің мемлекеттік тілдегі мәтіні арнайы колледж фойесінде орналастырылған.Колледж ғимаратында Мемлекеттік Ту 1х2 метр өлшемінде тігілген, тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсу қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, колледж басшысының кабинетінде Ту және Елтаңба орналастырылған. Колледждің атауы жазылған маңдайшасында жаңа үлгіде Мемлекеттік Елтаңба орналастырылды. Колледжде Мемлекеттік Туды және Елтаңбаны ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты комиссия бекітілген.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Колледж білімгерлеріне аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, мүгедек,жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білімгерлерге керекті құжаттарды дайындап,түсіндіру жұмыстарын әлеуметтік қызмет көрсету орталығыжүргізеді.
Колледжінің 2022-2023 оқу жылы бойынша әлеуметтік төлқұжаты
Әлеуметтік статусы |
саны |
Студенттердің саны |
888 |
Ұл балалар саны |
136 |
Қыз балалар саны |
752 |
Көп балалы отбасынан шыққан студенттер |
241 |
Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер |
62 |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер |
12 |
Жайсыз отбасынан шыққан студенттер |
жоқ |
Мүгедек студенттер |
8 |
Ыстық тамақпен қамтылған студенттер |
323 |
Өгей әке-шешемен тұратын студенттер |
18 |
Полиция басқармасының есебінде тіркелген студенттер |
0 |
Жаңадан оқуға қабылданған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек білімгерлер мен аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан білімгерлердің құжаттары жинақталды. Бұл статустағы білімгерлер ыстық тамақпен қамтылды. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары №320 бұйрық аясында жүзеге асырылып, zhambyltipo бағдарламасында online режимде құжаттар жинақталды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық нормалары сақталды.
№ |
Ыстық тамақпен қамтылған студенттер |
Саны |
1күнге бөлінетін қаражат |
1 |
Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі студенттер |
8 |
464,5 теңге |
2 |
Жетім және патронаттық тәрбиедегі студенттер |
12 |
1161 теңге |
3 |
Көпбалалы отбасынан шыққан студенттер |
241 |
464,5 теңге |
4 |
Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер |
62 |
464,5 теңге |
№ |
студенттер |
Көрсетілетін көмек түрлері |
|
Обмундирование |
Трансферт |
||
1 |
Қыз балаларға |
133742 теңге |
161619 теңге |
2 |
Ұл балаларға |
101781 теңге |
154016 теңге |
Құқық бұзушылықтың алдын-алу профилактикасы
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.
Құқықтық тәрбие студенттерге ҚР Конституциясы, мемлекеттік рәміздері мен заңдары, құқықтық актілері негізінде беріледі. Колледждегі құқықтық тәрбие кеңестің жылдық жоспары қалалық ІІД-імен бірігіп құрылады. Білімгерлерді құқықтық мәдениетке тәрбиелеп, құқықтық біліммен қаруландыру мақсатында тәрбие сағаттары, заң өкілдерімен кездесулер өтіледі. Колледжде құқықтық тәрбие кеңесі жұмыс атқарады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу нәтижелігін қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмаған білімгерлер колледж Жарғысын және қоғамға қарсы әрекеттерді болдырмау мәселесін қарастырады.
Аталған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында 1 курс білімгерлерімен кездесуде бала құқықтары туралы Конвенция, ҚРӘҚтК жасы кәмелетке толмағандар туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы Заңы таныстырылды. Білімалушылар ҚРӘҚтК кәмелетке толмағандар туралы Заңының 132-бабы, 133 бабы, 134 бабы, 442 бабы, 448 баптарындағы жауаптылықтар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2022-2023 оқу жылында құқықтық тәрбие жұмысын бойынша колледж білімгерлері арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жоспары негізінде қыркүйек айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен бөлім меңгерушілері, сонымен қатар колледж социологы мен психологы кәмелетке жасы толмаған білімгерлер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аумақтық инспектормен кездесу ұйымдастырды. Білімгерлердің оқу үлгерімі мен тәртібін бақылау ай сайын жүзеге асып отырады. Кітапхана меңгерушісінің жауапкершілігімен колледж кітапханасында «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» бойынша бұрыш ұйымдастырылған. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу негізінде жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан білімгерлерді колледж социологі мен колледж психологі жыл бойы анықтайды.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және қылмыстың алдын-алу мақсатында жоспар бойынша іс- шаралар жүргізіліп отырады.
Психологиялық қызмет көрсету орталығы
Колледж психологиялық қызмет көрсету орталығының мақсаты білімгерлердің әлеуметтік-психо-педагогикалық ерекшеліктерін тексеріп және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын, қажеттілігі мен қызығушылығын байқап, қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулар кезеңінде тез арада көмек және қолдау көрсету; сондай-ақ, оқытушылармен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен жұмыс жасау.
Бүгінгі білімгер — ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру оқытушының теориялық білімінің болуын қажет етеді. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік. Оқу орнында дайындықтан өткен мамандардың білімі жоғары дәрежеде болуы керек. Өйткені, бұл талап әрбір мамандық бойынша білім беру мазмұнын салыстырмалы түрде біртұтас білім саласы ретінде анықтауы керек. Білім берудің күрделі мазмұнын меңгеруде, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қазіргі кездегі ұстанымдарын жүзеге асыруда, педагогикалық үрдіс, яғни, оқытушылар мен студенттердің өзара байланысқан және өзара келісілген іс-әрекеті басты міндет атқарады.
Психодиагностика бағытында, қыркүйек пен қазан айларының арасында 1-курс білімгерлерінен «Сіздің Бейімдеушілік деңгейіңіз қандай?» тақырыбында сауалнама алынды. Мақсаты: 1 курс білімгерлерінің колледж оқытушыларына үйрену, ережелеріне бағыну деңгейлерін анықтау. Сауалнама 10 сұрақты қамтиды. Нәтижесінде топ жетекшілерінің топтағы білімгерлермен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, білімгерлер сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келетіндігі анықталды. Жалпы нәтиже бойынша бейімделу деңгейінің көрсеткіші төмендегі №1 диаграммада көрсетілген, оның нәтижесінде білім алушылардың мінез-құлқын және білімгерлердің сабаққа қызығушылығын, колледжге келгендегі көңіл күйін танып білеміз. Кейбір білім алушылар колледж ережесінің тым қатал екендігін (3 %) көрсеткен.
Кейбір білім алушылармен қосымша жұмыстар жүргізіледі. Атап айтар болсақ әңгімелесу, кеңес беру және т.б. Сонымен қатар әртүрлі семинар-тренингтерге қатыстырылады. Қажу, күйзеліс деңгей орташа көрсеткіш көрсеткен білім алушылармен жеке кеңесу жұмыстары жүргізіліп, кейбір білімгерлердің ата-аналарымен түсіндіру, әңгімелесу жүргізіледі.
Психологиялық кеңес (консультация) жұмыстары бағыты бойынша
Диагностика нәтижесі бойынша және әкімшіліктің сұранысы бойынша туындаған жалпы мәселелерді шешуге студенттермен коррекциялық жұмыстар жүргізіледі.
І курс білімгерлерінің бейімдеушілік деңгейі
I курс студенттерінің ата-аналарымен кездесу барысында «Отбасым алтын- діңгегім» тақырыбында топ жиналыстары, «Аутодеструктивті мінез-құлықты және суицидтің алдын–алу» мақсатында сауалнама алу, психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық және кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.
Психологиялық қызмет көрсету орталығының студенттермен жүргізілген жұмыстарының көрсеткіші:
Жастар ісі жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізуде. ҚР Президентінің жарлықтары негізіндегі атқарылған шаралар, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау. Жастардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Білімгерлердің шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан-жақты дамыту.
Жастар саясатының мақсаты: білімгерлерді Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптастыру, білімгерлердің өзін-өзі басқару, жастар қозғалыстарын патриоттық рухта дамыту, сол негізде іс-шаралар құрылымын межелі түрде ұйымдастыру. Жастардың мәдени рухани білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуметін одан әрі дамыту үшін жағдай жасау негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Азаматық құқық, жауапкершілік Қазақстандық құқық жүйесінде негізгі орындардың бірін алып отыр. Бұл сала азаматтық қоғамда қалыптасатын қатынастардың үлкен бөлігін реттейді.
Жастар саясаты заңында жастар 14-29 жас аралығын қамтиды деп көрсетілген. Бүгінде колледждегі білімгерлердің саны -888. Жалпы есеп бойынша колледж жастары -909 студентті қамтиды.
Биылғы оқу жылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында түрлі шаралар өткізілді. Сонымен қатар ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың кезекті жолдауы тапсырмаларына сәйкес, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Колледжде Өзін-өзі басқару жүйесі жүйеге қойылған.
Білімгерлердің өзі-өзін басқару жүйесін ұйымдастыру мақсаты - өзін-өзі басқара білуді, ұйымдастырушылық шығармашылық қабілеттерді дамыту, іскерлікпен дағдыны қалыптасыру, көшбасшылық пен ізденушілік және адамгершілік сапаларын ізгілендіруге тәрбиелеу.
Үйірме, клубтар қызметі.
Бүгінгі күнгі оқу-тәрбие жұмысын жандандыруда үйірме жұмыстарының маңызы зор. Үйірме - тәрбие негізін қалайтын, білімгерлердің білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі. Білімгерлердің бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда үйірме жұмыстарының жас ұрпаққа берері көп.
Мақсаты:
- Білімгерлердің бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, өз ұлтын, өз тілін сүйетін, ата заңын қадірлейтін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу;
- Жасөспірімдердің шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
- Дарында жастарға қолдау көрсету.
Міндеттері:
- Ғылыми, көркемдік шығармашылықта, спортта, өлкетануда, басқа да таным әрекеттерінде білімін, біліктілігін кеңейту және тереңдету
- Білімгерлердің бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру
Жалпы білім беретін оқу орындарында оқу – тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі - сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты білімгерлердің шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту,бос уақыттарын ұтымды ұымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады.Сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрі үйірме жұмысы. Осы мақсатта колледжде 17 үйірме жұмыс жасайды. Барлық үйірмелермен орталықтарға оқу жылының басында жетекшілер тағайындалған.
2022 – 2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары дайындалып, бекітілген.Үйірмелер кестеге сай жұмыс жүргізеді. Әр үйірмеде 20-30 білімгер бар.
№ |
Үйірме, клуб, орталықтар атаулары |
Үйірме, клуб жетекшілерінің аты-жөні |
1. |
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Жарқынбекова Ақерке Бигалиқызы |
2. |
Психологиялық қызмет көрсету орталығы |
Мелдебекова Ұлдана Серікбаевна |
3. |
Құқықтық тәрбие орталығы |
Абдикаримова Айгуль |
4. |
«Руханият»патриоттық тәрбие орталығы |
Абдрашова Ақерке Қалдыбековна |
5. |
Салауатты өмір салтын сақтау орталығы |
Мамирова Ақбота |
6. |
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес орталығы |
Джуманазарова Динара |
7. |
«Тілдерді дамыту» орталығы |
Рустемова Шолпан Қабылбекқызы |
8. |
Лекторлық топ |
Аликулова Ляззат |
9. |
«Жаршы» тәрбие жұмысының ақпараттық орталығы |
Баялиева Айжан |
10 |
«Алғырлар» пікір-сайыс клубы |
Оразбек Әсел Жаңабекқызы |
11 |
«Өлкетану» клубы |
Арықбаева Гулнар Тазуқызы |
12 |
Әскери-патриоттық«Сарбаздар» ұлдар клубы |
Кенжеев Алмаз Сайлаубайұлы |
13 |
«Ақ босаға» ұлттық тәрбие қыздар клубы |
Қасымова Лазиза |
14 |
«Мейірімді жүрек» еріктілер клубы |
Жарқынбекова Ақерке Бигалиқызы |
15 |
Нарко - пост |
Тәкен Жадыра Асқарқызы |
16 |
Эко-пост |
Орынтаева Шұғыла |
17 |
«Сұңқар» спорттықклубы |
Абитаев Дулатбек Асылбекұлы |
18 |
«Русское слово»үйірмесі |
Мантеева Фарида Сағатбекқызы |
19 |
«Інжумаржан» әдебиөлкетану клубы |
Сейдалиева Сәндігүл |
20 |
Мобильдік топ |
Маханов Елдос Усипбаевич |
21 |
Кураторлар төрайымы |
Джалиева Гульнур Бутабаевна |
22. |
«Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру клубы |
Оразбек Әсел Жаңабекқызы |
23 |
«Ата-аналар мектебі» |
Мелдебекова Ұлдана Серикбаевна |