Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің
индустриялық кеңесінің
2022-2023 оқу жылындағы жұмыс жоспары
Мақсаты: Колледждің білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы мен стратегиялық қажеттілігіне қатысты консультациялар мен ұсынымдар беру
Міндеттері:
1) колледждің білім беру бағдарламаларының өзектілігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;
2) колледждің педагогикалық және өнер мамандықтары бойынша әлеуметтік серіктестермен практикалық сабақтардың ұйымдастырылуын жетілдіру;
3) кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін жетілдіру;
4) орта буын мамандарын даярлауда қажетті дағдылар, ағымдағы үрдістер, технологиялық өзгерістер туралы ақпарат беру;
5) жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері туралы кеңес беру;
6) орта білім беру стандартының және кәсіптік стандарттардың талаптарын ескере отырып, колледждің оқу процесіне әлеуметтік серіктестерді тарту; оқу – әдістемелік және оқу - бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру; ұсыныстар қалыптастыру;
7) колледж студенттеріне әлеуметтік серіктестер тарапынан стипендиялар мен сыйлықтар тағайындауға жәрдемдесу;
8) колледж зертханаларына, шеберханаларына және басқа да объектілерге қажетті оқу-өндірістік жабдықтармен жабдықтау бойынша консультациялар беру;
9) әлеуметтік серіктестермен әріптестік қарым-қатынасты дамытуға көмектесу.
Функциялары:
1) сала кәсіпорындарының талаптарына сәйкес келетін нақты технологиялық процестерге кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
2) бітірушілердің кәсіпорындарда бейімделу мерзімін қысқарту;
3) орта мерзімді перспективада өзінің білім беру күш-жігерінің нәтижесінде салынған капиталдан үлкен қайтарымға қол жеткізу;
4) қосымша оқытуға жұмсалатын шығындарды төмендету;
5) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және колледждің оқыту бағдарламаларын нақты өндіріске қайта бағдарлау;
6) кәсіпорындар тарапынан колледжді қаржыландыру көлемін ұлғайтуға жәрдемдесу;
7) өндірістік оқыту және кәсіптік практика кезеңінде еңбекақы төлеу мәселесін шешу;
8) өндірістік тәжірибе жағдайында оқытуды ұйымдастыру мәселесін шешу;
9) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету;
10) жұмыссыз жастар деңгейін төмендету;
11) колледжді қолдау және сапа менеджментін арттыру.
"Бекітемін" "Келісілді"
Индустриалды кеңес төрағасы Колледж директоры
А.Д.Биназаров
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің
индустриалды кеңесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
№ |
Талқыланатын сұрақтар |
Мерзімі |
Жауапты |
Бақылауға жауапты |
1 |
Индустриалды кеңес отырысын ұйымдастыру, кеңес төрағасын сайлау, білім беру бейіні бойынша комитеттер құрамын бекіту |
қаңтар |
Кеңес мүшелері |
Колледж директоры |
2 |
2022-2023 оқу жылының индустриалды кеңес жоспарын талқылау, бекіту |
қаңтар |
Кеңес төрағасы |
Кеңес төрағасы |
3 |
Педагогикалық мамандықтар бойынша комитеттің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша ұсыныстарын қарастыру.Орта буын мамандарын даярлауда қажетті дағдылар, ағымдағы үрдістер, технологиялық өзгерістер туралы ақпарат беру |
қаңтар |
Комитет кураторы |
Кеңес төрағасының орынбасары |
4 |
Өнер мамандықтары бойынша комитеттің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша ұсыныстарын қарастыру. Орта буын мамандарын даярлауда қажетті дағдылар, ағымдағы үрдістер, технологиялық өзгерістер туралы ақпарат беру |
қаңтар |
Комитет кураторы |
Кеңес төрағасының орынбасары |
5 |
Колледждің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда оқу – әдістемелік және оқу - бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етуді жоспарлау, жетілдіру
|
қаңтар |
Колледждің әдістемелік кабинет меңгерушісі |
Кеңес төрағасының орынбасары |
6 |
Өндірістік практикаларды ұйымдастыру бөлігінде әлеуметтік серіктестік нысандарын оңтайландыру |
қаңтар |
Колледж директорының оқу өндірісі жөніндегі орынбасары |
Кеңес төрағасының орынбасары |
7 |
Орта білім беру стандартының және кәсіптік стандарттардың талаптарын ескере отырып, колледждің білім бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, әлеуметтік серіктестердің ұсыныстарын қарастыру
|
маусым |
Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары |
Кеңес төрағасының орынбасары |
8 |
Орта білім беру стандартының және кәсіптік стандарттардың талаптарын басшылыққа ала отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда оқу – әдістемелік және оқу - бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етуді жоспарлау, жетілдіру
|
маусым |
Колледждің әдістемелік кабинет меңгерушісі |
Кеңес төрағасының орынбасары |
9 |
Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін жетілдіру |
маусым |
Кеңес төрағасының орынбасары |
Кеңес төрағасы |
10. |
Колледждің үздік, белсенді студенттерін әлеуметтік серіктестер тарапынан тағайындалатын стипендиялар мен сыйлықтарға ұсыну |
маусым |
Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары |
Кеңес төрағасының орынбасары |
11 |
Колледж зертханаларына, шеберханаларына және басқа да объектілерге қажетті оқу-өндірістік жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша консультациялар беру
|
маусым |
Комитет кураторлары |
Кеңес төрағасының орынбасары |
12 |
Колледждің педагогикалық және өнер мамандықтары бойынша әлеуметтік серіктестер базасында кәсіптік практиканы ұйымдастыруды жетілдіру |
маусым |
Колледж директорының оқу өндірісі жөніндегі орынбасары |
Кеңес төрағасының орынбасары |