04.12.2025ж Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде ағылшын тілін оқытудың заманауи трендтері мен ЖИ мүмкіндіктерін талқылауға арналған қала деңгейіндегі маңызды семинар-практикум өтті.
Іс-шараға қаламыздың бірнеше білім беру ұйымдарынан ағылшын тілі пәнінің тәжірибелі ұстаздары қатысып, өздерінің озық әдістемелерімен бөлісті. Атап айтқанда: М.Х.Дулати Университеті, Тараз инновациялық көпсалалы колледжі, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі ЖШС, Жамбыл Инновациялық жоғары колледжі, №64 орта мектеп, Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп.
Семинар барысында қатысушылар келесі өзекті бағыттар бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты: Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың жаңа үлгілері; Тіл дағдыларын дамытуда жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдар; ЖИ арқылы оқу үдерісін бақылау және бағалау тәсілдері; Мұғалімдердің кәсіби қызметінде ЖИ құралдарын пайдалану тәжірибесі.
Бұл шара ағылшын тілін оқытуда инновациялық әдістерді кеңінен енгізуге, педагогтардың кәсіби дамуына және білім сапасын арттыруға үлкен серпін берді. Барлық қатысушыларға белсенділігі мен құнды тәжірибелері үшін алғыс хаттар тапсырылды