31.10.2024ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде оқытушылар арасында «Цифрлық жағдайдағы білім беру мазмұнына тұрақты даму компонентін интеграциялауда жасанды интеллектіні қолдану тенденциялары» атты облыстық семинар өтті.
Аталған семинарда облысымыздағы бірнеше кәсіптік колледж оқытушылары оқу үдерісінде жасанды интеллектінің қолдану жолдарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысқан оқытушылар Алғыс хаттармен марапатталды.