Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 2024 жылдың 23 қазан күні студенттер арасында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Жасампаз Жамбыл өңірім» облыстық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Б.А.Джурсинбаев, PhD доктор А.Серубаева, магистрі З.С.Сейдан, Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының ғылыми қызметкерлері М.Мананбайқызы, Ұ.Х.Алимханова пленарлық секцияға қатысты.
«Тарихы терең, тағылымы мол өлке», «Жамбыл тарихы - Ұлы Дала тарихының бір сыры», «Жамбылдың тарихи тұлғалары» үш секцияға облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 50-ден аса студент қатысты.