Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі мен Туркияның Анкара музыка және бейнелеу өнері университеті 2025 жылдың 28 наурызында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты - білім беру саласындағы халықаралық қарым-қатынасты дамыту және білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, оқу-әдістемелік және ғылыми-шығармашылық жұмыстарды жандандыру.
Ынтымақтастық аясында білім беру мекемелері өнер мамандарын даярлаудағы өз тәжірибелерімен алмасатын болады.
Сонымен қатар, колледж студенттері университет тарапынан ұйымдастырылатын кәсіби бағдар жұмыстарына қатысып, шетелдік жоғары оқу орнында білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алады.