2026 жылдың 30 қазанында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Заң және тәртіп: қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алу және есірткісіз өмір салтын насихаттау мақсатында А-3-23 тобының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға полиция қызметкерлері арнайы шақырылып, білім алушылармен ашық сұхбат жүргізілді.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік, есірткінің зияны, құқықтық сауаттылық және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Студенттер полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
✨ Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті, ал тәртіпті сақтау – саналы қоғамның негізі!
Кездесуге қатысып, жастарға құнды ақпарат берген полиция қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!
Жауапты: Тойынбекова М.С.