Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай өткізілген «Қыздарға әсемдік жарасады» атты бұрымды қыздар байқауына Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің 1-курс студенті Махамбет Айнұр, белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталды.
Студентімізге шығармашылық табыс, келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын деп тілек білдіреміз!!!