Ағымдағы жылдың 4-10 сәуір аралығында А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің ұйымдастыруымен өткен VIII халықаралық хореографиялық «Өрлеу» байқауына Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Шолпы» би ансамблі қатысып, Д.Әбіровтың «Қоштасу» мұрасы мен «Аққу» қазақ биін орындады.
Бірнеше мемлекеттен келген 109 кәсіби қатысушының арасынан суырылып шыққан «Шолпы» би ансамблі «Халықтық билер» номинациясы бойынша III дәрежелі лауреат атанды, жетекшісі Г.Сейткулова. Өнерлі студенттеріміздің болашақта бұдан да үлкен сахналарда өнер көрсетулеріне тілектеспіз!