Музыкалық білім беру мамандығының 4-курс студенті Иматай Аружан өз еңбегі мен талантының арқасында Қазақстан Республикасының "EVEREST" баспа үйі тағайындаған "Жыл үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
Аружан оқу барысында өзін белсенді, ізденімпаз әрі шығармашылық қабілеті жоғары студент ретінде танытып келеді. Салтанатты марапаттау рәсімінде төсбелгіні колледж директоры Саясат Керімбекұлы өз қолымен табыстап, Аружанға шығармашылық шабыт, биік белестер мен жарқын болашақ тіледі.
Аружанның бұл жетістігі – оның табандылығы мен ізденісінің, ұстаздарының бағыт-бағдары мен қолдауының жемісі.
Құттықтаймыз, Аружан!
Болашақта үлкен өнер әлемінде жарқыраған жұлдызға айналарына сенеміз!