2025 жылдың 18 қараша күні жұмысшы мамандықтар жылына орай колледж бен әлеуметтік серіктестер, Мансап орталығы арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған «Тақырып – бізден, құрал – ЖИ-ден: қазақ тілін оқытудағы заманауи тандем» тақырыбында тәжірибе алаңы өткізіледі.
Қала мектептерінің басшылары мен Мансап орталығының өкілдері қатысқан бұл іс-шараның мақсаты - колледж, әлеуметтік серіктестер мен Мансап орталығы арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, қазақ тілін оқытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану тәжірибесін ортаға салу, ЖИ мен педагогтің бірлескен жұмысы арқылы болашақ мамандардың тілдік құзыреттілігі мен кәсіби даярлығын арттыру жолдарын айқындау, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысына сай жаңа форматтағы оқыту модельдерін енгізу.
Тәжірибе алаңында колледждің «бастауыш білім беру» мамандығында оқитын 4 курс студенттері қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Атап айтсақ, http://Pixverce.ai, http://Speechgen.io, http://Pabluu.com, http://Character.ai, Pixton, Gemini, Canva, Runway, Narakeet, Gemini платформаларында жұмыс жасау жолдары, ЖИ арқылы сабақ контенттерін әзірлеу тәсілдерімен бөлісті. Келген қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, болашақ мамандардың кәсібилігі мен шеберлігіне өз ризашылықтарын білдірді.