29.10.2025ж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Тарихы терең Тараз» тақырыбында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық саяхат жасалды.
Танымдық саяхатта Б-1-25 және А-2-25 тобының студенттері Жамбыл облысының тарихымен, археологиялық қазбалар кезінде табылған бірегей жәдігерлермен танысып, өлке тарихы және даңқты тұлғалары жайлы мол мағұлмат ала алды.
Бұл іс-шара студенттердің танымдық белсенділіктерін дамытып, өлке тарихына деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.