29.10.2025ж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігі» тақырыбында ТжКББ оқытушылары арасында қалалық семинар-практикум өтті.
Іс-шара тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда жасанды интеллект технологияларын енгізудің тиімді әдістерін анықтау және оларды қолданудың нәтижелерін талдау, жаңа идеялармен өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар-практикумға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының сеньор-лекторлары Ерманова Галия Бердаковна, Әбдіғаппар Қыдырбек Сейтжапарұлы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, информатика пәнінің оқытушысы Құдайбергенова Айсұлу Кенжебековна қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.