01.12.2025 күні Жас мамандар үшін ерекше және қызықты “Think in English!” атты ағылшын тіліндегі зияткерлік сайысы өткізілді.
Қатысушылар 4 кезең бойынша өздерінің сөйлеу, түсіну, логикалық ойлау және тез жауап беру дағдыларын көрсетті.
🔹 Speak About Yourself — қатысушылар өзін ағылшынша таныстырды
🔹 Guess the Word — ребус арқылы сөз табу
🔹 English Karaoke Time — ағылшынша ән орындау
🔹 Feel & Name the Fruit — жемісті сипап тауып, ағылшынша атау
Барлық жас мамандар белсенділік танытып, жоғары ынта көрсетті.
Сайыс соңында әр қатысушыға сертификаттар табысталып, “Best English Speaker”, “Karaoke Star”, “Puzzle Master”, “Overall Champion” және басқа да жеке номинациялар берілді.
🌟 Бұл шара жас мамандардың ағылшын тілін қызықты әрі тиімді үйренуіне үлкен мотивация болды.