БОЛАШАҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН ШЕБЕРЛІГІ СЫНҒА ТҮСТІ!
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Табысты студент – шебер ұстаз» атты облыстық педагогикалық құзыреттілік байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық шеберлігін шыңдау және заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді қолдануға баулу.
Облысымыздың түрлі колледждерінен келген дарынды студенттер төрт кезең бойынша бақ сынасты:
І кезең – «Мен – болашақ мұғаліммін» – өзін-өзі таныстыру.
ІІ кезең – «Педагогикалық дуэль» – теориялық білімдерін сарапқа салу.
ІІІ кезең – «Жаңа білім шеберханасы» – сабақ фрагменті арқылы педагогикалық шеберлігін көрсету.
ІV кезең – «AI-педагог: промпттан нәтижеге» – жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, сараланған оқу материалдарын әзірлеу.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің терең білімін, жаңашыл көзқарасын, шығармашылық ізденісін және болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша І орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің қатысушысы Цимбалова Виктория иеленді. Ал ІІ орынды
Жоғарғы Тараз Парасат колледжінің қатысушысы Әубәкір Зәуре алды, ІІІ орындарды
“Береке” гуманитарлық - техникалық колледжінің студенті Шаймкүл Диана және
Жоғары Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің қатысушысы Ибрагим Азамат иеленді.
Қатысушыларды марараттарымен құттықтаймыз!