2025 жылдың 22 желтоқсан күні Абай атындағы Жамбыл
гуманитарлық жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби, шығармашылық және цифрлық құзыреттіліктер дамыту мақсатында «Табысты студент-шебер ұстаз» атты қалалық пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша қатысып, әр кезең бойынша қатысушылар өз білімдерін шыңдап, болашақ ұстаз ретінде шеберліктерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен марапатталды.