22.10.2025ж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы, ағартушы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Мақсаты: ғалым, этнограф және ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеп, оны білім беру және гуманитарлық ғылымдар саласында кеңінен қолдану. Конференцияда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, «Білім берудегі тарих және география кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Б.А.Джурсинбаев, Г.Б.Идирисова, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» әдіскері А.У.Сенбай, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері В.Ә.Тастанбаева, А.Б.Құрманова, Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Д.Ш.Мамыралиев әділқазылық етті.
Конференция жұмысы үш секция бойынша ұйымдастырылды:
1.Ұлы ғалымның шығармашылық және ғылыми мұрасы.
2.Шоқан Уәлиханов – қазақ деректану ғылымының бастаушысы.
3.Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі қазақ халқының мәдени және рухани мұрасы.
Конференцияға Жамбыл облысы аудандарының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 46 студент қатысты.
І дәрежелі дипломды Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенті Закария Іңкәр Асылбекқызы, Тараз Парасат жоғары колледжінің студенті Жорабек Аяжан, Тараз политехникалық жоғары колледжінің студенті Тажібай Нұрасыл иеленді. ІІ дәрежелі дипломды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері М.Кеңес, Ж.Сайлаубай, Тараз мамандандырылған колледжінің студенті Е.Н.Әзербай иеленді. ІІІ дәрежелі дипломды Тараз мамандандырылған колледжінің студенті Д.Т.Альбах, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенті А.Е.Бейсен, Тараз мамандандырылған колледжінің студенті А.А.Елюбай иеленді.