17.12.2025жылы Сингапур білім беру жүйесінің педагогикалық әдіс-тәсілдері мен практикалық тәсілдерін таныстыру, оларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдануға үйрету мақсатында «Сингапурлық оқыту әдістемесі: бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдары» семинар-практикум өтілді.
Семинар-практикум барысында оқытушылар мен оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлауын дамытуға және топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді.
Сингапурлық оқыту әдістемесінің ерекшеліктері: 5E моделі (Engage, Explore, Explain, Elaborate, Evaluate) , SEE – THINK – WONDER(КӨРДІМ – ОЙЛАДЫМ – ҚЫЗЫҚТЫ) стратегиясы, Сингапур әдістемелерін пайдалана отырып,оқушыларға математиканы оқыту және I USED TO THINK… NOW I THINK…(БҰРЫН ОСЫЛАЙ ОЙЛАЙТЫНМЫН… ҚАЗІР БОЛСА…) стратегияларынмен таныстырып, теория мен практика байланыстырылды. Семинар-практикум мұғалімдерге өз тәжірибесін жаңғыртып, заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдануға зор серпін берді.