Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «ROBObattle» ұлттық робототехника бағыты бойынша мектеп және колледж арасында облыстық жарыс өткізілді. Жарыс балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, жоғары инновациялық технологиялар саласына қызығушылығын арттыру, ұлттық робототехниканы танымал ету, дарынды жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
«Робоспортқа ұлттық ойындарды енгізу» жобасы қолға алынып, «Қыз қуу», «Ақ сүйек», «Теңге алу» және «Арқан тартыс» ойындары мен спорт түрлерінің шынайы өмірдегі жарыс ережесін негізге ала отырып, LEGO MINDSTORMS EDUCATION EV3 платформасына негізделген жарыс түрлері өткізілді. Жарыстың нәтижесібойынша қатысқан командалар гран-при, 1,2,3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.