Құрметті әріптестер!
Жаңа жыл бақытты болашаққа үміт, игі іс атқаруға жігер сыйлайды. Бұл жылды жаман өткізген жоқпыз деп ойлаймын. Жаңа жылды қарсы ала алмай кеткен жандар да қаншама...
Бір жыл зулап өте шықты. Жаңа жылды қарсы алар уақытта әр адам өзіне есеп береді. Қаншама іс атқардық, қаншасын атқарып үлгермедік. Еш өкініш жоқ. Ең бастысы – жақсы көретін жандарымыз қасымыздағы аман-есен болсын! Бәріміз үшін ең қымбаты – өз отбасымыз! Лайым әр шаңырақта тек жақсылық болсын!
Құрметті ұстаздар қауымы, әрдайым жақсылықтың жаршысы болып жүре беріңіздер! Келер жаңа жыл Сіздерің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтсін! Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын! Отбастарыңызға амандық, береке, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!