“Музыкалық білім беру және орындаушылық: өткені, бүгіні және болашағы”
25.02.2025 ж. музыка өнері зерттеушілеріне арналған IV Республикалық «ART INTELLECT – 2025»олимпиадасы аясында «Музыкалық білім беру және орындаушылық: өткені, бүгіні және болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Арнайы фортепиано» ПЦК-сы және «Art Aspect» шығармашылық бастамалар орталығы. Шара Zoom платформасында онлайн форматта өтті.
Конференцияның баяндамашылары мен қонақтары Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен келген оқытушылар мен студенттер болды. Жұмыс үш секцияда жүргізілді:
1.Музыкалық педагогика және психология
2.Музыкалық орындаушылық
3.Қазақстан композиторларының музыкасы
Баяндамалар практикалық және зерттеу сипатында болды. Фортепиано өнері саласындағы мамандардың өзара әрекеттесу формаларын жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған кәсіби кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.
Конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.