«Өндірістегі 10 күн» акциясы
4-ші күн: «Құрал-жабдық және технология»
Мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Курс: 4-курс
Практика: «Баланың мектептегі алғашқы күні»
Оқыту формасы: дуальды оқыту
Студенттер өндіріс орны - Қ.Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназиясында заманауи құрал-жабдықтар мен цифрлық технологияларды қолданды.
Колледжде алған теориялық білімдерін нақты жұмыс орнында тәжірибемен ұштастыра отырып, заманауи технологияларды қолдану арқылы балалардың зейінін, логикалық ойлауын, ұсақ қол моторикасын және тапсырманы орындау қабілеттеріне зерттеу жүргізді.
Дуальды оқыту барысында колледж бен өндіріс орны өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Қажетті заманауи құрал-жабдықтарды колледжден әкеліп, практика өтетін ұйымда тиімді пайдалануға мүмкіндік болғандықтан, колледжден LEGO Education WeDo 2.0 робототехника жиынтықтары мен планшеттерді алып келіп, балаларға робот құрастыруды, оны планшет арқылы бағдарламалауды және қозғалысқа келтіруді, сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы, математикалық есептерді дидактикалық ойындармен планшет қолдану арқылы үйретті.
Бұл жұмыс барысында студенттер балалардың нұсқауды түсінуін, бірлесіп әрекет етуін, технологияға қызығушылығын және тапсырманы өздігінен орындауын бақылады.