«Pedagogy of the Future» — болашаққа бағытталған ашық алаң!
19 желтоқсан 2025 ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде ерекше форматта — ротациялық стендтік баяндама үлгісінде өткен «Pedagogy of the Future» ашық пікірталас алаңы білім беру саласының болашағына бағытталған тың идеялар мен өзекті тақырыптарға арналды.
Спикер ретінде қатысқан Беридзе Мурат Абдуллаевич «Навыки будущего. Рынок труда на ближайшие 5 лет» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, қатысушыларға жаңа ой салып, болашақ дағдылары туралы құнды ақпаратпен бөлісті.
Пікірталас алаңы креативті, интерактивті бағытта өтті. Түрлі магниттік колледждерден келген жас мамандар ЖИ арқылы креативтілік, эмоционалды интеллект, сыни ойлау мен фактчекинг, AI-этика және цифрлық қауіпсіздік тақырыптарында ой бөлісіп, пікір алмасты.
Әр топ өз идеяларын стенд форматында ұсынып, модераторлар көмегімен ең үздік бастамаларын қорғады.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Жауаптылар: Абжапарова Б.К., Алишева С.Е., Тойынбекова М.С.