Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Magic choir» атты облыстық балалар хор байқауы өтті. Қазіргі қоғамда музыкалық өнерді насихаттау, білім берудегі үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу мақсатында өтілген байқауға балалар музыка мектебі және өнер мектептерінің білім алушылары қатысты.
Байқауда 2-шығармадан орындады, (бір шығарма а`capella еркін жұмыс, екінші шығарма сүйемелдеумен орындалады).Орындау уақыты 10-15 минут. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын бағалады. Қазылар алқасының мүшелері бағалау парақтарын толтырды, бағалау өлшемдеріне сәйкес балл қойылды.
Жеңімпаздарымыз Гран – При, 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Нәтижесінде Тараз қаласы Оқушылар сарайы «Шаттық» хор ұжымы Бас жүлде, 1 орын Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы М. Төлебаев атындағы балалар музыка мектебі «Керемет» хор ұжымы, 2 орын Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы №1 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы «Шаттық» хор ұжымы, 3 орын Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы М. Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі «Жас қанат» хор ұжымы және Тараз қаласы 3 мектеп -лицей «Балдаурен» хор ұжымы иеленді
Ұйымдастырушылар: ПЦК «Ән салу және хор дирижеры».
Орта топ бойынша.
Хор ұжымдары кезек-кезек шығармаларын орындайды. Қазылар алқасы орындаушылықты бағалайды және балл нәтижелерін бағалау парақтарына енгізеді.
Үлкен топ бойынша.
Қорытындылау, марапаттау.
Байқау жақсы жоспарланған және ұйымдастырылған, жас музыканттарды тәрбиелеу және рухани – адамгершілік қасиетін дамыту. Балалар мен жасөспірімдердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білді.
Байқау балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығы, хорға деген құштарлығы бар екенін көрсетті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Б. Төлегенованың 95 жылдығына арналған «Әуелей ұш - ару ән» атты облыстық әншілер байқауы өтті.
Дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету арқылы патриоттық, азаматтық, мәдени эстетикалық тәрбиелеуге шақыру мақсатында өткен байқауға музыка және өнер мектептерінен 45 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар Бас жүлде, 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға алғыс хаттар табысталды.
Байқаудың нәтижесінде «Эстрадалық ән салу» бағыты бойынша 12-14 жас аралығында төмендегі оқушылар марапатталды:
Бас жүлде - А. Серік (Қордай ауданы);
1 орын –Д.Ерлан, А.Бақытбек (Талас ауданы, Қаратау қ.);
2 орын – А.Бейсенбек (Жуалы ауданы), І. Еділ (Шу ауданы), А. Асқаралы, Н. Оңал (Т.Рысқұлов ауданы);
3 орын – А.Бауыржан (Тараз қ.), О.Бекмұрат (Талас ауданы), Е. Элевсизова (Т. Рысқұлов ауданы), С.Ережеп (Жуалы ауданы);
Ал 15-18 жас ерекшеліктері бойынша 1 орын – А.Амантай (Тараз қ.), 2 орын – О. Бодаубек (Шу ауданы), 3 орын – Н. Әбдібек, Р. Ким (Тараз қ.) иеленді.
Дәстүрлі ән салу бағыты бойынша 12-14 жас аралығында Е. Оспанәлі- Бас жүлде (Жамбыл ауданы) иеленсе, 1 орын – Н. Уалихан (Тараз қ.), 2 орын – А.Жолшыбек (Тараз қ.), А. Тойшыбек (Жамбыл ауданы), 3 орын – Ж.Байзакова (Тараз қ.), Б. Елшібек (Тараз қ.) иеленді.
15-18 жас ерекшеліктері бойынша Бас жүлдені Д.Сембек (Байзақ ауданы) иеленіп, 1 орын – Н. Нұрғали (Жамбыл ауданы), 2 орын – Б. Ибрагим ( Байзақ ауданы), 3 орын – Н.Кәрімқызы (Тараз қ.) иеленіп, дипломдармен марапатталды. Ал өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Қорытындылау, марапаттау.
Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту,білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі , оқытудағы және шығармашылық дамуындағы рөлін арттыру. Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
Байқауға қатысқан әр-бір қатысушы көңілді, сондай қуанышқа толы болып қайтты. Өздерің көптеген қатысушылармен салыстырып, эмоцияға толы болды.
Жәнібек Кәрменовтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған
«Үні кетпес құлақтан» атты әдеби-сазды кеш