Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің 02150500 Актерлік өнер мамандығының студенттері КМ07 Шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде дауыс пен сөйлеудің барлық экспрессивті құралдарын шебер қолдану пәні бойынша қорытынды атестаттаудан өтті. Студенттердің кәсіби дайындығын бағалау мақсатында театр мамандары белсенді қатысты.
А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері, мәдениет саласының үздігі, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Акүрпеков Кенен Сәкенұлы, Жамбыл облыстық орыс драма театрының актері, мәдениет саласының үздігі Избасаров Бекназар Турарович, Жамбыл облыстық орыс драма театрының бас суретшісі, Қ.Р суретшіліер одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі, «Таңшолпан» халықаралық әйел суретшілер қоғамының мүшесі Сапаралиева Рахат Хайруллаевна емтихан құрамына еніп, студенттердің кәсіби шеберліктерін, практикалық дағдыларын бағалады.