Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 4S01140605 «Шетел тілі мұғалімі» мамандығының 4-курс білімгерлері үшін маңызды кезеңдердің бірі - Қорытынды аттестаттау емтиханы сәтті өткізілді.
Аттестаттау барысында білімгерлер өздерінің кәсіби білімдерін, тілдік құзыреттіліктерін, сондай-ақ оқу барысында меңгерген теориялық және практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Әрбір білімгердің табандылығы мен жауапкершілігі олардың жарқын болашағына бастар сенімді қадам екендігін дәлелдеді.
Барлық білімгерлерімізге алдағы өмір жолында үлкен жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!