Жас білгірлер танымдық сайысы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастырумен 2022 жылдың 09 қараша күні дарынды оқушыларды айқындау және қолдау, білімді насихаттау,оқушылардың шығармашылық ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің интеллектуалдық әлеуетін 9-сынып оқушыларынан қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 9-сынып оқушылары арасында «Ой мен ойын» атты қалалық жас білгірлер танымдық сайысы өтті.
Іс-шараны Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, директордың ғылыми және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Абжапарова мен «Музыка» бөлімінің меңгерушісі, «Қабылдау комиссиясының» хатшысы А.С.Нурманалиева ашып, тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген 100 жылдық тарихы бар оқу ордасында оқытылатын мамандықтармен таныстырды. Сайысқа қатысушы білім алушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Танымдық сайысқа Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығының» менеджер ұйымдастырушысы, қазақ тілі маманы Еркебеков Ерсайын Бахытбекұлы, «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық»орталықтың «Ақпараттық-әдістемелік» бөлімнің меңгерушісі Темиргалиева Айсұлу Қахарманқызы, №18 орта мектептің «орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Е.А.Леванова, «Тілдерді дамыту орталығының» жетекшісі, «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы Ш.Қ.Рүстемова төрелік жасады.
Қалалық жас білгірлер танымдық сайысына Тараз қаласының жалпы білім беретін ұйымдарының 9-сынып оқушылары қатысты. Сайыс шарты 5 кезеңнен тұрды.
1 кезең – Таныстыру
2 кезең- «VIVAT, ORATOR» шешендік конкурсы
3 кезең- «Брейн - ринг» зияткерлік ойыны
4 кезең -«Бәрін білгім келеді»
5 кезең- суреттер сөйлейді
Әр кезең оқушылардың қызығушылығын арттыруға және әрі қарай білмекке талпынуға арналған тапсырмалардан тұрды. Әрбір сайыскердің көзінде тек жеңіс мәресіне қарай талпынған сезім, олардың жылдам әрі орынды жауап беруіне жол ашып отырды. Cондықтан ұтқыр ойлары мен жылдам сөз саптаулары сайыскерлерді жеңіс мәресіне жеткізді. Үзіліс барысында мектеп оқушылары колледждің мұражайына саяхат жасады.
Әділ қазы алқаларының шешімімен, ұпай көрсеткішінің нәтижесіне сай, қатысушылар жүлделі орындарға ие болды.
І орын № 16 орта мектептің «Болашақ» тобы
ІІ орын № 35 орта мектептің «Жауқазын» тобы
ІІІ орын № 13 орта мектептің « Болашақ» тобы