2026 жылғы 18 қарашада Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қазақ әдебиеті мен ғылымының көрнекті өкілі, белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Қайым Мұхамедханов мұрасы: ғылым, әдебиет және білім берудегі сабақтастық» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, ғалымның ғылыми-әдеби мұрасы, Абай шығармашылығын зерттеудегі еңбегі, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеудегі рөлі туралы мазмұнды баяндамалар ұсынды.
Іс-шара барысында ғылыми пікір алмасу, тәжірибе бөлісу, педагогикалық ізденістер мен Қайым Мұхамедханов мұрасын білім беру үдерісінде қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.
Конференция ұлттық мұраны насихаттауға, ғылыми танымды кеңейтуге, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға бағытталған маңызды рухани-танымдық алаң болды.