2022 жылғы 14 наурызда "Ән салу және хор дирижеры" мамандығының апталығы аясында "Хор дирижерлерін оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында колледжішілік семинар өткізілді.
Мақсаты: тәжірибе алмасу және заманауи білім берудің өзекті мәселелерін, сабақтарда жаңа технологияларды қолдану әдістері мен тәсілдерін талқылау.
Семинарда "Дирижерлеу" мамандығының оқытушылары Ілияс Шолпан Маратқызы, Алданова Мариям Сағындыққызы, сондай-ақ хор-20 тобының 2 курс оқушысы Абай Ақбаян баяндамасын оқыды.
Семинар жоғары кәсіби-ұйымдастырушылық деңгейде өтті, Бұған әріптестер тарапынан көптеген оң пікірлер мен ұсынылған тақырыптардың өзектілігін және ашылған баяндамалардың мазмұнын байқаған кең тыңдаушы аудитория дәлел бола алады.