Алаш қайраткері,ақын, педагог Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 130 жыл толуына орай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Бастауыш білім беру» бөлім оқытушылары М.Жұмабаевтың шығармашылығын таныту арқылы оның педагогикасы мен ұлттық тәрбие туралы ой-пікірін насихаттау мақсатында «Мағжанның «Педагогикасы» және ұлт тәрбиесі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияға Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Инситутының "Жалпы педагогика" кафедрасының доценті п.ғ.к. Кушеров Несіпбай Мананбаевич, «Педагогика» факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі Ботабаева Адеми Еркебаевна, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасының ағы оқытушысы, педагогика магистрі Абдракова Аида Бекетовна, Алиева Перизат Сериковна пленарлық отырыста Мағжанның педагогикалық-психологиялық еңбектері мен ұлттық тәрбие туралы тың деректермен ой бөлісті.
Конференцияға республика көлеміндегі оқу орындарынан оқытушылар қатысып, Мағжан Жұмабаевқа қатысты әртүрлі тақырыпта баяндамалар көпшілік назарына ұсынды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, мақалалар жинаққа енгізілді.