2023 жылы 15 наурызда “Ән салу және хор дирижеры” ПЦК-сының апталығының аясында ҚР Білім беру ісінің үздігі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің “Хор дирижеры” мамандығының оқытушысы, Адамбекова Гүлнар Асқаровна «Біржан Сара» операсынан алынған үзіндіден хормен жұмыс жасау тақырыбында мастер класс өткізді.
Шеберлік сыныбына Тараз қаласы оқушылар сарайынан “Шаттық” хор ұжымының сұрауы бойынша қосымша тәжірибе алмасу ретінде қатысты. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттер хоры қатысты.
Біріккен хор “ Біржан Сара” операсынан алынған үзіндіні орындады.
Шеберлік сыныптың мақсаты: балалардың музыкалық қабілеттерін, әншілік дауысын және бірге ән айту кезінде қажетті дағдыларды дамыту. Вокалды-хор техникасын әзірлеу (әнмен тыныс алу, дыбыс шығару, артикуляция, дикция бойынша жұмыс).
Шеберлік сынып жоғары деңгейде өтті. Осындай шеберлік сыныптар дәстүрге айналса деген ұсыныстар болды.