11.12.2024 күні М.Х Дулати атындағы Тараз университеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі Караматуллаева Хадия Ергашовна «Хореография өнері» мамандығы бойынша «Методика и техника исполнения «Каблучных упражнений»в народно-сценическом танце у станка ( на примере испанского танца)» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Өкше және тоқылдақ қимылдарын үйрету арқылы тізе, жамбас буындарының қимыл қозғалысын дамыта отырып, испан халық мінезімен үйлестіріп студенттермен станок жанында комбинация көрсетті.
Комбинацияларының орындау техникасын сауатты пайдалана отырып негізгі әдіс-тәсілдерді білімгерлерге ұсыну, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатына жете білді.
Шебер-сыныпта тәжірибесімен бөлісіп өткізген оқытушыларға алғыс хат берілді.