27.02.2025 "арнайы фортепиано" ПЦК-да 2-4 курс студенттері арасында конферансье байқауы өтті. Оның мақсаты шешендік қабілеті жақсы, белсенді, шығармашылық студенттерді анықтау болды.
Конферансье өнері тапқырлықты, импровизация талантын, аудиториямен қарым-қатынас жасауды қажет етеді. Жақсы жүргізуші -бүкіл іс-шара сәттілігінің кепілі.
Студенттер сахнада өздерін ұстау мәнері , көрерменмен қарым-қатынас жасау, көркем және мәнерлі болу қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Бас жүлде-Байназар Сымбат
1 орын - Ахмет Бекарыс, Дүйсенбекова Айдана
2 орын - Батырбек Ботакөз, Праскова Галина
Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.