Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша дуальды оқыту жүйесі негізінде «Балабақшаға-SmartPedagog!» атты шығармашылық жоба, командалық байқау формасында кәсіптік практика қорытындысы екінші, үшінші, төртінші курстар арасында 19,24,25,26 желтоқсан күндері өтті.
Студенттердің практика қорытындысын байқау формасында өткізудің мақсаты:
Тәжірибелік білім мен дағдыларды бағалау: Студенттердің практика барысында жинақтаған білімдері мен дағдыларын көрсетуін және олардың қаншалықты тиімді меңгергенін бағалау.
Шығармашылық қабілеттерді дамыту: Студенттердің педагогикалық шеберлігін, шығармашылық ойлауын және кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерін анықтау.
Практикалық тәжірибені жинақтау: Практика барысында алынған тәжірибені талдау, қорытындылау және оны теориялық біліммен байланыстыру.
Кәсіби өсуге ынталандыру: Студенттердің өз әлеуетін толық ашуына және кәсіби шеберлігін жетілдіруіне ықпал ету.
Өзін-өзі бағалау: Студенттерге өздерінің кәсіби дайындық деңгейін және кемшіліктерін анықтап, болашақта жетілдіру жолдарын белгілеуге мүмкіндік беру.
Бәсекелестік рухын қалыптастыру: Байқау түріндегі қорытынды студенттердің кәсіби ортада бәсекеге қабілеттілігін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге жағдай жасайды.
Инновациялық идеяларды ынталандыру: Педагогикалық қызметте жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану мүмкіндігін анықтау.
Мұндай формат студенттердің кәсіби білімін тексеріп қана қоймай, болашақ маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етеді.
Байқау нәтижесін студенттердің тәжірибе өтіп жатқан мектепке дейінгі ұйым № 13 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Г.М.Тойшибекова, № 26 «Нұрай» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Э.Б.Дангилова, №14 «Жарқынай» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі М.И.Бардимуратова, №9 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Р.С. Утелбаева бағалап, студенттер колледждің марапатына ие болды.