12.04.24ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Сәндік қолданбалы өнері» ПЦК-сы апталығы аясында жас ұрпақтың бойында балаларды отансүйгіштікке және өнерге баулу мақсатында мектеп оқушылары арасында «JuniorSkills Taraz-2024» чемпионаты ұйымдастырылды.
1-Модуль: «Жаңа Қазақстан– бала көзімен» тақырыбында үй жұмысы,
2-Модуль: «Байтақ елім» тақырыбында орындалған композициялық жұмыстарына Абай атындағы Жамбыл гумманитарлық жоғары колледжінің оқытушысы, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Қ.К.Гумаров, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі А.Б.Керімбай, колледж түлегі, «UMAI» ұлттық сыйлығының лауреаты Т.Е. Әбумансұр қазылық етті.
Чемпионатқа 12-16 жас арасындағы қосымша білім беру орталықтары мен мектеп оқушылары тартылды. Қонақтар колледждің «Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілігі» мамандығы білімгерлерінің шеберлік-сыныптарын және көрме залын тамашалады.
Чемпионат нәтижесінде 12-14 жас аралығында:
1-орын Жолдас Айгерім (МОжМТІШӨОО),
2-орын Әлмахан Нұрай (МОжМТІШӨОО),
3-орын Келгенбай Назерке (Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы);
15-16 жас аралығындағы қатысушылардан:
1-орын Н.Филиппова (Тараз қ. Балалар көркемөнер мектебі),
2-орын А. Қанатбек,
3-орын К.Асқарбек иеленді. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар мен жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.